Сізге беріп қалса ше? Шілденің 42500 теңгесі. Министр барлығын түсіндірді
Не жаңалық? Не жаңалық?
41.4K subscribers
41,923 views
477

 Published On Premiered Jul 14, 2020

Төлемді алу үшін 17 шілдеден бастап өтініш беруге болады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда карантиннің шілде айының соңына дейін созылатынын, мұқтаж азаматтарға 42500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем тағайындалатынын мәлімдеген болатын. Бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов төлем кімдерге және қашан берілетінін түсіндірді. Оның айтуынша, осы жолы жалдамалы жұмысшылар үшін 42 500 теңгеге өтінішті тек жұмыс берушісі бере алады.

"Өткен жолғы 42 500 теңгенің тәжірибесін ескеріп, жалдамалы жұмысшылар үшін осы жолы өтінішті тек жұмыс берушілер ғана береді деп ұйғардық. Бұл жолғы төлем тек 1 айға төленеді. Қаржы міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді. Қордағы қаражат көлемі шектеулі екенін өткен жолы айтқан болатынбыз. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесе отырып, бір апта ішінде қаражат мәселесін шешеді. Ал, біз жұма күні өтініш беретін порталдарды ашып, алдағы дүйсенбіден, яғни, 20 шілдеден бастап төлем тағайындауды бастаймыз" деді Біржан Нұрымбетов.

42 500 теңге кімдерге төленеді?
Әлеуметтік төлем төтенше жағдай кезіндегі қағидатпен тағайындалады. Яғни, төлем карантин кезінде табысынан айрылған азаматтарға беріледі:

Жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор);
Орта, шағын және микробизнес субъектілерінің қызметкерлері;
Жеке кәсіпкерлер;
Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер;
Карантин енгізілген елдімекендердегі ірі бизнес субъектілерінің қызметкерлері;
азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша кіріс алатын адамдар.

show more

Share/Embed