Обал дүние
Қазақ арнасы Қазақ арнасы
7.78K subscribers
34 views
2

 Published On Jan 9, 2024

Обал дүние

Әр тұсы тарлауыт жайдақ аңғардың ортасымен ағып жататын жіңішке өзеннің екі жағалауы бір кезде бірін-бірі жалғаса соққан тоқал үйлерден тұратын ауыл еді. Сонда бар ғой, анау аумағы әжептеуір алаң­қайға адам аяғы баспайтын. Себебі, ортасын ала оқшау көзге түсетін жылан ор­дасы болды. Енді, міне, көкорай жусан көм­керіп жататын жазалаң беті астаң-кес­тең; гүріл-сарылы дүниені көшірген тех­никалар топырағын тегістегенде, жылан ордасын да жым-жылас қылды. «Қап, әттеген-ай» деп бұл тұрды. Алпыс екі та­мы­рының бірі үзіліп кеткендей денесін қуа­лап, діріл жүгіріп өткен.
Алпыс жыл бойы күнде көріп жүрген жа­залаң мен жылан ордасының орны дөң­геленген қап-қара топыраққа айналды. Кезінде, оны айтпағанда, дәл осы са­ғатқа дейін кімнің де әлгі алаңқайды айдаладан айналып өтетіні рас еді. Ес жиып, етек жапқанда білгені жылан ор­да­сының басына баратын жалғыз адам Құсатай соқыр болатын. Күмістей сақалы кеудесін жапқан шынашақтай шал. Жасын ешкім білмейді. Әйтеуір, әкелерінің, аталарының, бабаларының кезінде де бол­ған десетін. Бұл сұрайтын әкесінен: «Сондай да бола ма?» деп. «Жұмбағы көп дүниеден не сұрайсың» деп күмілжитін ол. Ары қарай тықақтайды ғой: «Көзінің мүл­де көрмейтіні рас па?» «Солай сияқты». «Не­ге сияқты?..» «Жұрттың білетіні сол». «Қай­тіп жол тауып жүреді?» «О жағы құ­діреттің ісі». Құдіреттің ісі емей, немене, үлкендер айтса, Құсатайдың құсы, жыланы бар. Өзін мейлі, сыртынан келеке-ма­зақ еткендерге де түнде құсы мен жыланын жібереді екен. Құсы қанатыңмен те­резені сабалап, жыланы қойыңа кіріп, тү­ні бойы жаныңды көзіңе көрсететін кө­рінеді. Оны қояқ қойғанда, Құсатай кім­нің не ойлап жүргенін де біліп қоятыны өз алдына десетін. Жаман пиғыл, бұзық ойы барларға да құсы мен жыланын жі­беретін екен, түнделетіп. Осы бір елден есті­гендері ертегі секілденетін, бұған. Оқ­та-текте, оқыс бетпе-бет келіп қалған­да сәлем бермесе, жұрт Құсатайға, Құса­тай жұртқа жолай бермейтін-ді. Балалар жағы мүлде. Алыстан ғана төбесін көріп жү­ретін. Сонда да жылан ордасының ба­сынан. Күн жұмада көк есегін жайына қойып, ұзақ-ұзақ отырар еді, ол. Не істеп, не қояды, беймәлім. Болжам көп. Тоқ ете­рі - жыланмен тілдеседі, сірә.
авторы Несіпбек Дәутайұлы
тексті оқыған Қуат Ахметжанов
#әңгіме #әңгіме #аудиокітап #болғаноқиға #қазақшаәңгімелер #әңгімелержинағы #әсерліәңгіме #аудиоәңгіме #kazakhstan #қазақшаой салар әңгімелер

show more

Share/Embed