Блогерлердің марафонынан бас тарттым | Имамға нан табу керек | Имамды қолжаулық көреді | НҰРЛАН ИМАМ
Nartay Aralbayuli Nartay Aralbayuli
521K subscribers
150,369 views
6.5K

 Published On Dec 21, 2022

#НартайАралбайұлы #NartayNews #НартайНьюс #Еңбекадамы

Бүгінгі кейіпкеріміз - Нұрлан Байжігітұлы. “Тик Токта” танымал болған Нұрлан қажы стереотиптердің сеңін қазақы әзіл-қалжыңмен бұзған имам. Еліміздің Шығысында да, Батысында да қызмет етті, 2017 жылдан бері Алматы облысы, Талғар ауданы, Панфилов ауылдық «Зәм-зәм» мешітінде молдалық міндетін атқарып жүр. Нұрлан қажы Байжігітұлының мақсаты мұсылманды өз жүрегіне үңілдіру, жамағаттың жүрегіне жол табу жолында қызмет ету. Молдалық тек уағызбен шектелмейді. Нұрлан қажыға ел ішіндегі түйткілді пікірлерді, тіпті кейбір отбасылардағы кикілжіңдерді шешуіне тура келеді. Бұл фильмде Нұрлан Байжігітұлының бұрын айтпаған сырлары, жұбайының естеліктері, баласының ой толғамдары көрсетіледі. Нұрлан қажы Өскемен қаласына сіңірген айрықша еңбегі үшін Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен “Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл” медалімен марапатталды. Облыс әкімдерінің Алғыс хаттарын алған, “Ерен еңбегі үшін” медалімен наградталған. Моңғолия мұсылмандар ұйымының “Шарапат” белгісін, Орыс Православие шіркеуінің ҚР Метропольдік аймағының Алғыс төсбелгісін алған. Көріңіз, таратыңыз!

"Еңбек адамы" елеусіз қалмасын! Биыл біз тұтас фильмдер сериясын жасауға бел будық. Кейіпкерлеріміз қарапайым қызметкерлер, бірақ үлкен жүректі, еңбекқор, өмірге құштар адал адамдар. Бұған дейін экрандардан тек өнерпаздар мен шенеуніктерді көретін едік. Бұл дұрыс болмады, олқылықтың орнын толтыру керек. Біз соны мойнымызға алдық. Бұйыртса 20 фильм, 1 деректі фильм жарыққа шығады. Көріңіздер!

Инстаграм: https://instagram.com/nartay_aralbayu...
Фейсбук:   / nartai.sarsengaliyev  

show more

Share/Embed