Квазимемлекеттік сектор қызметкерлері «Тіл – тағылым» интеллектуалды сайысына қатысты
Холдинг Байтерек Холдинг Байтерек
4.73K subscribers
8 views
0

 Published On Jul 15, 2024

Квазимемлекеттік сектор қызметкерлері мемлекеттік тілді жетік біле ме? Бұның жауабы «Тіл – тағылым» интеллектуалды сайысы барысында анықталды.

Қатысушылар байқау шартына сай ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптан бастап, қазақ тілі, әдебиет, тарих туралы сан түрлі танымдық сұраққа жаңылмай жауап беруі тиіс болды. Қарсылас командалар арасынан озық шығу үшін тапқырлық та талап етілді.

Бұл күні ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындар қызметкерлері жұмыс уақытының соңында әдеттегідей үйге қайтпай, интеллектуалды додаға жиналды. Әрқайсысы мемлекеттік тіл білімінің деңгейін дәлелдеу үшін сайысқа тыңғылықты дайындалған. Команда болып ұйысып, қолдаушыларын да ертіп келген.

Баян Қожабаева, «Қазақстан Даму банкі» АҚ қызметкері:
Қазақстан тарихын, қазақ тілін, әдебиет, мақал-мәтелдер, қазіргі әлеуметте болып жатқан өзекті мәселелерді бір шолып өттік, осындай дайындық бар бізде. Тәуелсіздік мемлекеттік тілден басталады.

8 команда 5 тур бойы мемлекеттік тілді жоғары дәрежеде меңгергенін дәлелдеу үшін алдына жан салмады. Қатысушылар арасында ұтқырлығымен, таным деңгейінің биіктігімен көзге түскендер аз болмады.

Жанжігіт Омархан, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ баспасөз қызметінің басшысы:
Қалалық деңгейдегі сайыс «Бәйтерек» холдингінің қызметкерлерінен құралған команда қатысып жатыр, бұдан бөлек, біздің еншілес ұйымдарымыздың да топтары қатысып жатыр. Өзі бізде 7 еншілес ұйым бар. «Бәйтерек» холдингінде апта сайын тіл курстары ұйымдастырылады. Әрине, бұл – қызметкерлерге арналған тегін курстар.

Әділ Орынбасарұлы, Астана қаласы әкімдігінің «Руханият» КММ басшысы:
Бүгінгі шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің деңгейін арттыру, сонымен қатар іс-қағаздар жүргізу аясындағы мемлекеттік тілдің деңгейін кеңейту. Бүгінгідей іс-шаралар жыл сайын ұйымдастырылып отырады.

Ақтық мәреде «Отбасы банк» командасы топ жарды. Ұйымдастырушылар осындай интеллектуалды сайыс арқылы әрбір қызметкер мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге үлес қосатынын алға тартты. Сондай-ақ мамандардың зияткерлік ой-өрісі шыңдала түседі.

show more

Share/Embed