ҚЫЗ БЕН ЖІГІТ АЙТЫСЫ: Жұлдызай МАРАТБЕКОВА мен Мақсат АҚАНОВ
Farabi Media - KazNU Farabi Media - KazNU
54K subscribers
1,970,450 views
12K

 Published On Jan 31, 2021

Құрметті AlFarabi TV арнасының көрермендері, Сіздердің назарларыңызға Қыз бен Жігіт айтысының кезекті шығарылымын ұсынып отырмыз.

Мақсатымыз елдің мұңын жоқтап, барын дәріптеген суырып салма айтыскер ақындарымызды көрермендерімізге таныстыру және ең бастысы тарих үшін қас-қағым сәт болса да, халқымыз үшін алар орны ерекше егемен еліміздің осы отыз жыл ішінде жарыққа шыққан талантты айтыскер ақындарының суырып салмалық өнерін көпшілікке паш ету.

Бұл айтыс мемлекет қайраткері, сұңқар ақын Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына және Жастар жылына орай өткен халықаралық ақындар айтысынан үзінді.
Жұлдызай МАРАТБЕКОВА (Шығыс Қазақстан облысы) мен Мақсат АҚАНОВ (Қарағанды)

Айтысты Қарағанды облыстық әкімдігі «Нұр Отан» партиясының қолдауымен 18.09.2019 ж. Қарағанды қаласындағы С. Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрында ұйымдастырып өткізген болатын.

Біздің эфирімізде жария етілген Айтыстың үзінділері сіздерге қалаған уақытта тамашалауға ыңғайлы болуы үшін бір "АЙТЫС | AITYS" атты плейлистке жиналып жатыр.

Алдағы уақытта тағы қандай Қыз бен Жігіт айтыстарынан үзінділер ұсынғанымызды қалайсыздар? Осы видеоның астына пікір жазып қалдырыңыздар, ол үшін алдымен біздің арнамызға жазылып, достарыңызға да айтуды ұмытпаңыздар...

Бейнеүзік www.youtube.com порталынан алынды.

#Айтыс​​ #AlFarabiUniversity​​ #TRCKazNU​

show more

Share/Embed