Ұлы Дала Жорығы 2024
Раббим Бораш Раббим Бораш
508 subscribers
1,516 views
28

 Published On Sep 9, 2024

7.09.2024 Ұлы Дала Жорығы!
Сонымен жарыстың 5-інші соңғы күні Тоғанас ауылынан бастау алды. Біз осы шағын ауылдың мешітіне келіп қонғымыз келді. Мешіт имамы Қанат бауырымыз бізді үйіне шақырып, шәй-тамағын алдымызға ұсынып, ең жылы жатын бөлмесін босатып берді.
Кешегі 400 шақырым қорытындысы бойынша:
Көкмойнақ командасы 1-орынға шықты.
2-орында Алматы командасы (+7мин)
3-орын Кабардин-Балқар (+ 15мин)
4-орын Ақтөбе (+37мин)
5-орын Қостанай (+49мин)
6-орын Жетісу (+1 сағ 23 мин)
7-орын Суын Маңғыстау (+ 1 сағ 50 мин)
8-орын Жамбыл (+2 сағ 12 мин)
Бүгін күн шайдай ашық. Командалар ақтық сайыс жолына шықты. Мен ең соңынан шығып, барлық командаларды сурет-видеоға түсіріп отырып, мәреден командаларды күтіп алдым. Бүгінгі тоғызыншы этапта (400-450 шақырымдар арасы) алға суырылып Маңғыстау арулары Суын командасы шықты. Кабардин Балкар командасы 2-ші болып мәреден өтті. 3-орын Ақтөбе командасы, 4-ші Алматы, 5-ші Көкмойнақ, 6-шы Жетісу, 7-ші Ақмола, 8-ші Қостанай, 9-шы Жамбыл командасы Осы келу тәртібі бойынша командалар сағат 14:00-ден бастап, араларына 2 минут салып мәреден шығады.
Алматы-Көкмойнақ-Кабардин Балқар командалары 9 кезеңнің уақытымен 4-5-6 минут айырмашылығымен соңғы 50 шақырымды бастады. Мен тағы да финишті көру үшін тездетіп жүріп 2 сағат 11 минутта ең соңғы Астана іргесіндегі нүктеге келіп тоқтадым.
5 күндегі 500 шақырым жорықтың қорытындысы бойынша:
1-орын Кабардин Балқар
2-орын Алматы қаласы
3-орын Ақтөбе облысы
4-орын Жетісу облысы
5-орын Суын Маңғыстау облысы
6-орын Қостанай
7-орын Ақмола облысы
Ең өкініштісі Маңғыстаудың Көкмойнақ командасының бір аты 493-шақырымда жарыс жолынан шығып қалып, жүлдегерлер қатарынан көріне алмай қалуы.
Ал, енді қуанышты сәт Маңғыстау аруларынан құралған "Суын" командасының алғашқы рет жорыққа қатысып, шеберлігін күннен күнге үдетіп бұрыннан қатысып жүрген тәжірибелі командалармен тең дәрежеде өнер көрсетуіп көпшілікті тәнті етуі
V Көшпенділер ойындары аясында өткен Ұлы Дала жорығы 2024 (500шм) ауа-райының құбылмалы болуына қарамастан жоғары деңгейде өтті. Салыстырмалы түрде қарағанда осы көшпенділер ойыны құрамындағы сайыстардың ең күрделі де қызықтысы осы 500 шақырымдық марафон бәйге екені сөзсіз. Біздің киелі Маңғыстаудың екі командасының ұйымдастырушылары, бапкерлері, шабандоздары, тұлпарлары осы марафон бәйгенің негізгі фавориттері болғаны анық.
Раббим, Айзада

show more

Share/Embed