Ұлы Дала Жорығы 2024💕👍
Раббим Бораш Раббим Бораш
508 subscribers
987 views
14

 Published On Sep 8, 2024

5.09.2024ж. Ұлы Дала Жорығы👍
5-Дүниежүзілік көшпенділер ойыны аясындағы Ұлы Дала жорығы марафон бәйгесінің 3-күні (200-300 шақырым)
Құбылмалылау сәл салқынның сызы бар желкемдеу күні өткен жарысқа біздің өкпеміз жоқ.
Жалпы топ бастап келе жатқан командалар арасындағы жарыс қатты тартысты өтті. Біздің екі командамыз Көкмойнақ пен Суын ат жоғалтқан жоқ. 1-інші, 2-інші орынға таласып келе жатқан командалар бірден, екіден аттарын жарыс жолынан шығарып алды (кешегі нәтежиелерін сақтап қалу үшін). Көкмойнақ үштікте тұрса, Суын ондық ішінде.
Бұрынғы Ұлы Дала Жорықтарында 50 шақырымды 3-4 сағатта келетін болса, бұл жолы 2-3 сағат ішінде келетін болып, жарыс жылдамдығы артты. Ендігі ең қызықты да жойқын шешуші шабыс ертең болатын сияқты. Командалар 3 күнде бір-бірінін тактикасын түсініп, аттардың шамасын да байқап көрді. Біздің екі команданың да ертеңгі күннен күтері мол.
Бүгін Жалтыр ауылы маңайында орналасқан Бивакқа Астраханка ауданы әкімшілігі қосымша ағаш үй тігіп қонақасы берді. Ұйымдастырушылар қатарынан аудан әкімі бастаған аудандық маслихат төрағасы, әкім орынбасары, ақсақалдар, әнші-күйшілерімен тік тұрып қарсы алды.
Ертеңгі күннен сәттілік пен оң нәтиже күтеміз!
Раббим мен Айзада

show more

Share/Embed