БЕШБАРМАҚ - ұлттық тағам! ЕТ АСУ. Бешбармақтың қамырын илеу оны жаю
Urbish Amir Urbish Amir
117K subscribers
163,041 views
3K

 Published On Dec 2, 2021

Қазақ халқы асты жоғары бағалап, қадірлей білген. Біздің халқымыздың құрметті кісілерге ұсынатын кәделі, әрі орны бөлек тағамдарының ең бастысы – қазақша ет немесе бешбармақ. Қазақтар сыйлы қонақтарға мал басын көрсетіп, табақ-табақ ет тартқан. Табақ тарту да үлкен өнер.
#бешбармақ #етасу #қамырауқат #бешбармак

Осыған орай табақ тарту – бас табақ, сый табақ, күйеу табақ, келін табағы, жастар табағы, жай табақ болып бөлінеді. Аталған табақтарға сай ет (сүйек) мүшелері болады. Ол мүшелерді ауыстыруға болмайды. Бас табаққа бас, жамбас, омыртқа, қазы, қарта, жал, жая сияқты кәделі мүшелер салынады. Іліктік қатынасқа қарай: қарттарға жамбас, орта жастағыларға ортан жілік, омыртқа, күйеу мен қыздарға асықты жілік, төс, тағы сол сияқты рет-ретімен беріледі. Мойын омыртқа, тоқпан жілік, ірі малдың жамбасының шұқыршағы, жауырын, сирақ қонақтарға тартылмайды.

Құрамы:
Жылқы еті және қазысы
Пияз
Сәбіз
Картоп
Салқын су

Тұздығы үшін:
Сорпаның бетіндегі май
Пияз (ұсақтап туралған)

Қамыры үшін ( 1 зуалаға):
Жұмыртқа - 1 шт
Тұз - 1 а. қ.
Су - 1 шәй кесе


Қамыр илеу:    • ҚАМЫР ИЛЕУ. Бешбармақ қамырын дайындау  

Қамыр жаю:    • ҚАМЫРДЫ ТЕЗ  ЖАЮДЫ ҮЙРЕНУ. РАСКАТКА Т...  

Инстаграм : https://instagram.com/urbish_amir?r=n...

show more

Share/Embed