Нұрлан Өнербаев - Ауылым (Қазақша караоке, мәтін, минус)
Қара, оқы, ән сал Қара, оқы, ән сал
2.2K subscribers
4,327 views
39

 Published On Apr 9, 2023

Нұрлан Өнербаев - Ауылым


Жайлап отыр менің ауылым
Алатаудың сол бір бауырын
Туып өстім сенде, есейдім
Алаулатып жастық жалынын

Жайлауы жасыл, жайқалып жатыр
Әйгілі Алатауымнан
Гүліңдей жайнап, асырсалып ойнап
Еркелеп өскен ауылым

Қайда журсем естен кетпейсің
Көңілімде менің көктейсің
Бір жалын бар бойда сен жаққан
Жүрегімде мәңгі өшпейтін

Жайлауы жасыл, жайқалып жатыр
Әйгілі Алатауымнан
Гүліңдей жайнап, асырсалып ойнап
Еркелеп өскен ауылым

Өзен, көлің, тауың, орманың
Бәрі де менің арманым
Айналайын, туған ауылым
Осы әнімді саған арнадым

Жайлауы жасыл, жайқалып жатыр
Әйгілі Алатауымнан
Гүліңдей жайнап, асырсалып ойнап
Еркелеп өскен ауылым

show more

Share/Embed