Карьерден бірінші құймаға дейін: алтын қалай өндіріледі
Банк развития Казахстана Банк развития Казахстана
770 subscribers
358 views
1

 Published On Nov 2, 2023

Қазақстанда алтын өндіру - тау-кен өнеркәсібінің маңызды бағыты. 2022 жылы кәсіпорындар құрамында 39,4 млн тонна алтын бар кен өндірді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 19,5%-ға артық. Өңделмеген және жартылай өңделген алтын өндірісі де 13%-ға артып, 129,6 тоннаға жетті, ал таза алтын өндірісі 9,9%-ға өсіп, 2022 жылы 73,2 тоннаны құрады.

Мемлекет осы саладағы компанияларды белсенді қолдайды. Перспективалы және қарқынды дамып келе жатқандардың компаниялардың бірі – RG Gold. Кәсіпорын жыл сайын 6 тонна алтын өндіреді, сондай-ақ мемлекеттік қазынаға елеулі үлес қосады. Тек 2022 жылы ғана компания шамамен 14 миллиард теңге көлемінде салық төлеп, Ақмола өңірінің дамуына шамамен 100 миллион теңге салды.

«Хабар24» телеарнасының командасы RG Gold компаниясы алтын өндіруді жүзеге асыратын «Райгородок» кен орнында болды. Жобаны іске асыру және оның Қазақстан экономикасына қосқан үлесі туралы толығырақ «Q-бизнес» арнайы репортажынан қараңыз.

#ҚДБқолдағанжоба

show more

Share/Embed