фильм АУЛА САҚШЫЛАРЫ ТОЛЫҚ МЕТР 600 мб
бакжулдыз медиа бакжулдыз медиа
460 subscribers
9,203 views
238

 Published On Jul 25, 2024

Мұратәлі Оспанбай - “Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы” қоғамдық бірлестігінің Жетісу облысы бойынша алқа мүшесі, «Бақ-Жұлдыз» МЕДИА, балалар продюсерлік орталығының директоры, балалар және кино продюсері.
актерлер
Бекжан Тұрыс
Қуандық Шәкіржанов
Олжас Әлжанов
Малик Абдраманов
Таңшолпан Нұртілеу
Есқара Айдан
Нұрболхан Шарапов
Мейрамхан Шалқыбаев (Михон)
Расул Бауыржан
Амина Малгаждар (Аминка Витаминка)
Мұстафа Нұрахмет
Алиханның әкесі жұмысына байланысты ауылдан қалаға отбасымен көшкен еді. Алихан ауылда өз достарның қолбасшысы болған. Ауылдағы қарттарға көмектесетін, көршілері мен ауыл тұрғандарының түрлі жұмыстарына тынымсыз көмек көрсететін, өз достарының барлығына да көмектесіп, көптің алғысына бөленген Алихан ауылда команда капитаны болады.
Қалаға көшіп келгелі жалғыз өзі іші пысып, аз уақытта жан-жағын бақылауға кіріседі. Ауладағы қоқыстарды тазарта бастайды, үлкендерге көмектесіп аула сыпырады, қоқыс жәшігіндегі отты сөндіріп, өзіне алғашқы дос табады. Осылайша достар жинап, олармен өте тату болып, үй астындағы жертөледен өздеріне штаб жасайды, осылайша олар «Аула сақшылары» командасын құрайды. Аула мәселелеріне араласа бастайды. «Аула сақшылары» командасы өздерінің ақылдылықтарымен ауланың көркейуіне үлкен ықпал етеді. Балалардың ауланы безендірген жұмыстарын КСК басшысы жұрт назарын аударуға дейін барады. Осы кезде КСК басшысы балалардың жасаған жұмыстарын өз пайдасына жаратпақ болады. Балалар ауладағы үйсіз жүрген қарт адамға жолығады, қарияның үйсіз жүргені Алиханды бей жәй қалтырмайды, осылайша достарымен бірігіп, әлгі кісіні қалыпқа келтіріп, өз командаларына қосады. Алайда қарт кісінің пәтерін КСК басшысы бірнеше жыл бұрын тартып алғаны белгілі болады. Команданың жұмысы қиындай түседі. Осылайша үлкендер шешетін сұрақтарға да тап болады.
Алиханның аты бүкіл қалаға танылып, команда мүшелері көбейіп, әр аулаға үлгі болады. КСК басшысының әркетін айқындап, ақырында қартқа да көмектеседі.
Балалардың ауласы қала бойынша танымал болып, ал бұл жұмыстары қалаға үлгі болады.
Осылайша көптеген мәселелерге араласатын «Аула сақшылары», құрамындағы мыңдаған балалармен бірге, өз бастамаларын еліміздің басқа да қалаларына челлендж ретінде жариялайды.

show more

Share/Embed